«МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ» БАКАЛАВРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Оқу формасы:

Күндізгі

Өткізу орны:

Алматы қ., Жандосов к.,  55

Оқу мерзімі:

4 жыл

Оқу құны:

900 000 теңге, гранттар мен жеңілдіктерге ие болу мүмкіндігі

Оқу тілі:

Студенттің таңдауымен қазақ, орыс немесе ағылшын

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» бағдарламасы мемлекеттік қызметтің барлық деңгейлерінде, жеке компанияларда және коммерциялық емес секторда жұмыс істейтін жоғары сапалы басқарушыларды дайындауға бағытталған. Бағдарламаның түлектері басқару саласындағы теорияны еркін біліп қоймай, мемлекеттің тұрақты дамуы жағдайында да, дағдарыс кезінде де басқарушылық шешімдерін қабылдау тәсілдерін де еркін меңгерген.

Болашақ мемлекеттік қызметкерлерді, олардың белсенді клиенттерін және «парталас» серіктестерін дайындау тұжырымдамасы қоғамдық консенсустың нығаюына, шынайы азаматтықтың тууына және Қазақстанның гүлденуін оқу, тәрбие, ғылым құралдары арқылы қамтамасыз етуге көмек береді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

Бакалаврларды ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес өзекті теориялық және тәжірибелік білім негізінде, мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы тәжірибелік қызмет үшін, сондай-ақ академиялық мансабының алдағы дамуы үшін оларды құзыреттіліктердің оңтайлы жиынтығымен қамтамасыз ету мақсатында дайындау.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТІ

  • Ең міншіл «тапсырыс берушінің» сұрауына жауап бере алатын «қолмен жасалған» «даналанған» білім беру өнімін өндіру;
  • Әрбір студенттің кәсіби қалыптасуы мен дамуы үшін ең қолайлы жүйені құру;
  • Жаңа саяси-әкімшілік элитаны құру.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Басқа ЖОО-дарымен салыстырғанда біз өзімізге мемлекеттік аппарат пен оның сателлиттерінің қажеттіліктері үшін жоғары білікті кадрлар өндірісі бойынша үлкен міндеттер алдық. Public administration, policy &  affairs саласындағы әлемдік жарқын үлгілер ұлттық шынайылық сәйкес «зергерлік» еңгізілген және бағдарламаға бейімделген.

Біздің бағдарлама пәндердің теңгерімділігі мен үйлестірілгендігімен ерекшеленеді — әлеуметтік және гуманитарлық  ғылымдар саласындағы маңызды терең дайындық қолданбалы пәндерді терең зерттеумен үйлеседі.

Бағдарламаның маңызды бәсекелестік артықшылығы – МжЖБ бағдарламалары үшін теңдесіз студенттердің экономикалық-математикалық дайындық деңгейі.

Бағдарламаның тәжірибелік-бағдарланған және сараптамалық-талдамалық бағыты ғылыми-зерттеу семинарлары мен жобалық жұмыстар арқылы көрініс табады.

МЕН НЕНІ ЗЕРТТЕЙМІН?

Сіз оқу бағдарламасының оқу жоспарымен мұнда таныса аласыз.

МЕН ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙМІН?

  • Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары;
  • бюджеттік мекемелер;
  • зерттеу институттары мен талдау орталықтары;
  • коммерциялық ұйымдар;
  • коммерциялық емес ұйымдар;

Бұдан басқа, қалаған жағдайда бакалаврдан кейін оқуды магистратурада жалғастыруға болады. Бакалавр түлектері магистратураға түсерде артықшылықтарға ие болмайды — барлық үміткерлер бірдей жағдайда экзамен тапсырады, алайда біздің студенттерде түсу сынақтарынан сәтті өтуге және магистратурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін негізгі бакалавр дайындық түріндегі артықшылықтар бар.

МЕН ҚАНДАЙ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ШЕШЕ АЛАМЫН?

Мемлекеттік қызметкер ретінде:

  • даму жобаларын әзірлеу және олардың жүзеге асыруына қатысу;
  • әкімшілік регламенттерді, министрліктер мен ведосмтволар қызметтерінің тиімділігі көрсеткіштерін әзірлеу;
  • Президент, Үкімет, атқарушы билік органдары жанындағы үйлестіруші, кеңесші және консультативтік органдар қызметін сүйемелдеу;
  • заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобалары үшін ресми пікірлер, шолулар мен қаржылық-экономикалық негіздемелер жобаларын дайындау;
  • маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуде ҮЕҰ-ды тарту және осы істе оларға үздік ұлттық және шетелдік тәжірибелерге негізделе көмек көрсету;
  • жобаларға қаржылық талдау жасау;
  • қаржылық жүйенің ішінде және әртүрлі субъектілері арасында қаржылық ресурстарды қайта бөлу процесін басқару, қаржы ресурстарын тарту және тиімді пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру;
  • қаржылық жағдайға бағалау (аудит) жасау; сатып алу қызметін өткізуді қамтамасыз ету.