Бағыты: Мемлекеттік және жергілікті басқару

МЕЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ

Оқу тілдері:

Орыс

Қазақ

Ағылышын

БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ

Құрметті талапкерлер! Біз сіздерге «Мемлекеттік және жергілікті басқару» магистрлік бағдарламасын қуана ұсынамыз.

Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік органдарда, мемлекеттік корпорациялар мен фондтарда, қаржылық мекемелерде, мемлекетпен жиі өзара әрекеттесетін ғылыми-зерттеу, сараптамалық-талдау және коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс істейтін кәсіби мамандарды дайындау болып табылады.

Магистрлер дайындығының жоғары сапасы, пәндердің жетекші мамандар мен басқарушылық қызметтердегі мемлекеттік қызметкерлермен өткізілуі бағдарламаны бірегей және аналогы жоқ етеді. 

ОҚУ МЕРЗІМІ МЕН ҚҰНЫ

Бағдарлама 1 (Экономика бойынша бакалавр дипломы бар болған жағдайда) және 2 (кез-келген мамандық бойынша бакалавр дипломы бар болған жағдайда) оқу жылына есептелген . Сабақ беру студенттің таңдауы бойынша үш тілде жүргізіледі (қазақ, орыс және ағылшын).

 

Оқу құны жылына 1 200 000 теңге. Гранттар мен жеңілдіктер алу мүмкіндігі бар.

ҚҰЗЫРЕТТЕР САЛАСЫ

Саясат пен бағдарламалардың зерттеулеріне қатысу.  

Мәселелерді талдау процестерін білу және түсіну, саясатты және бағдарламаларды жүзеге асыру мен бағалауды тұжырымдау және басқару. Деректерді жинау, талдау, ұсыну және түсіндіру үшін талдамалы құралдарды қолдану, тиісті тұжырымдамалар мен әдістерді білу және түсіну.

Стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық және басқару дағдыларын дамыту.

Талдау жасау, жалпылау, критикалық ойлау, мәселелерді шешу және шешім қабылдау. Ішкі және сыртқы ұйымдастырушылық ортаны бағалау. Ұйымдастыру теориясын, басқару мен мінез-құлық тұжырымдамаларын түсіну және қолдану. Адам ресурстарын басқару, қаржылық менеджмент, ақпаратты басқару және жаңа ақпараттық технологияларды қолдану негіздерін білу. Дәйектемелер, бағдарламалық құжаттар мен шешімдер жобаларын әзірлеу. Жобалар мен келісімшарттарды басқару. Тиімді коммуникация дағдыларын білу. 

 

Қоғамдық игіліктер мен қызметтерді ұсыну негіздерін түсіну.

Федерализмнің негіздері мен өкілеттіктерді бөлу, әртүрлі деңгейдегі билік органдары арасындағы өзара әрекеттесу механизмдерін білу және түсіну. Мемлекеттік басқару үлгілерін қолдану. Мемлекеттік қызмет ұйымының қағидаттары мен негіздерін және оның болашағын түсіну. Желілік ынтымақтастықты құру, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен, белсенді қауымдық топтармен жұмыс жасау. Мүмкіндіктерді анықтау, шешімдерді алға тарту, саясат шараларының нәтижелерін талдау және бағалау.

Мемлекеттік саясаттың негізін,

саяси және құқықтық, экономикалық және әлеуметтік институттар мен процестерді, тарихи және мәдени мәнмәтінді түсіну. Бағдарламалар мен саяси шешімдердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді салдарларын ажырату.

НЕГІЗГІ ПӘНДЕР

Сіз оқу жоспарымен мұнда таныса аласыз.

ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМДАМА
Бүгінгі таңда мемлекеттік және муниципалды басқару бағдарламасында магистратура түлектері мен студенттік тәжірибелерді ұйымдастыруға белсенді қатысуға дайын жандарға қызығушылық танытатын ұйымдар мен жұмыс берушілердің ортақтастығы құрылған. Көктемгі кезеңдегі қысқа мерзімді тәжірибе ғана емес, сонымен қатар жазғы уақыттағы жұмыс пен болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге бағдарлама әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп, ағылшын тілін жетік меңгерген жағдайда АҚШ және басқа елдерде тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.
ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік корпорациялар мен фондтар
  • Мемлекеттің қатысы бар коммерциялық ұйымдар
  • Мемлекеттік экономика сеторындағы халықаралық компаниялар
  • Қаржылық мекемелер
  • Коммерциялық емес ұйымдар
  • Ғылыми-зертеу және сараптамалық-талдау ұйымдары 
  • Қоғамдық ұйымдар
  • Оқу мекемелері
СҰРАҚТАР ҚАЛДЫ МА?
Контакттар
null

Шенин Андрей Сергеевич

Кандидат исторических наук, Доцент, Заведующий кафедрой ``Государственное и местное управление``
null

Методист