Құрметті құқық пәндері бойынша халықаралық олимпиадаға қатысушылар!

Сіздердің әлеуетіңізді ашатын және сіздердің құқық саласындағы жоғары біліміңізді дәлелдеп қана қоймайтын, сонымен қатар Қазақстан Республикасында бұрыннан келе жатқан Нархоз университетінің, Құқық және мемлекеттік басқару мектебінде жоғары заңгерлік білім алудың керемет мүмкіндігіне ие болатын маңызды, қызықты және өте беделді конкурсқа қатысқандарыңызға қуаныштымыз.

Нархоз университеті ұйымдастырған халықаралық олимпиадаға қатысу арқылы сіз өзіңізді көрсетуге, өзіңіздің аймағыңыз бен еліңіздің намысын қорғауға, өзіңізді болашақ қажетті құқықтану саласындағы маман ретінде көрсетуге мүмкіндік аласыз.

Нархоз университетінде өтетін халықаралық олимпиададағы оқушылардың жеңісі «Құқықтану» мамандығы бойынша, толық оқу ақысын жаба отырып, гранттық оқуға түсу құқығын қамтамасыз етеді.

Біз барлық қатысушыларға өзін-өзі көрсетулеріне, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашуына, мектеп қабырғасында алған құқық саласындағы білімдерін көрсетіп, жаңа достар мен пікірлес адамдар табуына, сондай-ақ Нархоз университетінде білім алуына мүмкіндік алсын деген ниетпен шын жүректен тілектеспіз.

Құрметпен,

Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті

ТІРКЕУ

03.12.2019 жылдан 01.01.2020 жылға дейін

Тіркеу аяқталды

БІРІНШІ ІРІКТЕУ (СЫРТТАЙ) КЕЗЕҢ

05.01.2020 бастап 03.02.2020 дейін

1 кезең аяқталды

ЕКІНШІ (ҚОРЫТЫНДЫ) КЕЗЕҢ

29.02.2020

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ

03.04.2020

ЕКІНШІ КЕЗЕҢГЕ ДЕЙІН

2020/02/29 00:00:00