Құқық және мемлекеттік басқару мектебіне қош келдіңіздер!

Біздің мектеп Қазақстанның ғана емес Орталық Азияның жоғарғы білім беру саласында өзіне тең келмейтін мүлтіксіз кемелділік пен таңғажайып алуан түрлі ауқымның үйлесімі.

Кез-келген жоғарғы оқу орнының міндеті тәжірибелік, ғылыми-зерттеу қызметі және академиялық дайындық арқылы білім беру болып табылады.  Біз өз түлектерімізге 21 ғасырда табысты карьера жасауға кепілдік беретін, түбегейлі академиялық тәсілдеме мен батыстық қолданбалы бағыттың үйлесімін ұсынамыз. Біздің студенттер өмірлік заманауи мамандар мен орта және жоғарғы буын басшыларына қажетті қасиеттер мен көзқарастарды, қабілеттіліктерді дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Мектепте тәжірибеден өтуді  ұйымдастыру жүйесі студенттерге өз академилық дағдыларын істе, оның ішінде халықаралық компанияларда қызмет атқару арқылы алуға және қолдануға бірегей мүмкіншілік туғызады.

Мектеп қызметі аясында көптеген зерттеу бағдарламаларының жұмысы алға қойылған, табысы аз адамдарға көмек көрсетуге бағытталған Заң клиникасы ұйымдастырылып, қызметін сәтті атқаруда.

50-ден астам оқытушылар құқық, экономика және мемлекеттік басқарудың әртүрлі саласында дәріс оқиды және тәжірибе алмасады. Біздің жұмысымыз азаматтық құқық, конституциялық құқық, корпоративтік басқару, ұлттық қауіпсіздік, қоршаған орта, көші-қон мәселесі, жемқорлықпен күрес, еңбек және жұмыспен қамсыздандыру,  халықарлық сауда, киберкеңістікті реттеу – және көптеген басқа да салаларда заңдық және мемлекеттік мәселелерінің ауқымды аясын қамтиды.

Елу жылдан астам тарихы бар оқу орнының шегіндегі жас мектеп бола тұра, біз университеттің корпоративтік мәдениетін мұраға алып, оны жетілдіре түсеміз. Түлектер кездесуі, ашық есік күндері, студенттік кеңестің оқудан тыс іс-шаралары және біріккен спорттық жарыстар – біздің студенттермен бірлескен болашақты құруға бекітілген, Мектептің бас концепциясын үстемелей түседі.

Сонымен, егер сіз біздің Мектепте білі аламын деп шешсеңіз – өте орынды таңдау! Біз сіздің мүддеңізге сай болу үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз, және сізге білім алу мен болашақ мансабыңызда табыстар тілейміз.

 

Ең жақсы тілектермен,

Станислав Буянский (Ph.D.)

Мектеп деканы, профессор